Бүгін Тимур Сегізбаев атындағы Академияда Жанкүйерлердің киберфутбол лигасының жеңімпаздарына кубоктар мен құнды сыйлықтар табысталды.
Жақында ғана FIFA18-ден ТМД-даңы ең үлкен кибертурнирлердің бірі – Қазақстан жанкүйерлерінің киберфутбол лигасының бірінші кезеңі мәресіне жетті. Еліміздің 1000-ға жуық әуесқой-киберфутболшылары екі апта бойы финалда өзінің сүйікті футбол клубының намысын финалда қорғау үшін үш платформада (PS4, Xbox және PC) бан сынасты. 9 және 10 маусымда үздік ойыншылар анықталды. PS4-те «Қайраттың» жанкүйері Ровшан Бабаев жеңіске жетті, ал РС платформасында «Қайраттың» намысын Дәулетқали Шыңғыс қорғап, 3-ші орын алды. Xbox-та да «сары-қараларсыз» өтпеді – 3-ші орынды Қуанышов Дамир еншіледі.
Бұл турнирде Қазақстан футбол федерациясы, ҚПЛ футбол клубтары, «Түзу Жол» қоғамдық ұйымы мен Volkswagen бренді өзара жақсы жұмыс істесіп, Қазақстанда киберфутболдың үлкен қарқынмен дамып келе жатқанын көрсетті. Енді қыркүйекте қазақстандық жанкүйерлер Киберфутбол лигасының күзгі кезеңінде бақ сынасады.
Сондай-ақ, Ровшан Бабаевты Ресейде өтетін осындай турнирдің жеңімпазымен шоу-матчын өткізеді. Мұнда ол «Қайрат» футбол клубының атынан шығады.