«Атыраудың» бас бапкері Виктор Кумыков «Қайратқа» қарсы ойынның нәтижесі жайында пікірін білдірді.
- Кім мықты болса, сол жеңіске жетті. Біз әзірше мұндай деңгейде ойнауға дайын емеспіз. Біздің футболшыларымыз қарсыластың ойыншыларына үлгере алмай жатты, қорғаныста да, шабуылда да солай. Барлық жерде де сәл-сәл кешігіп қалып жаттық. Сол «сәл-сәлдің» кесірінен төрт гол жібердік.
- Команда есепте алға шыққан соң толығымен жабылып алды. Сәл агрессивті ойнау керек пе еді?
- Мен де соны айтамын (жымиып). Біздің солай ойнағымыз келді. Ойыншыларға ойнауды талап еттім, алаң жиегінен айқайладым. Бірақ өздеріңіз көргендеріңіздей – бәрі басқаша болды. Жетістікті ұлғайту керек еді. «Қайрат» тәуекелге барды, гол соққысы келді, бос аймақ қалдырды, соны пайдалануымыз қажет болатын. Бір рет сондай мүмкіндік туған, бірақ Жалмұқан оны пайдалана алмады.