«Атыраудың» бас бапкері Виктор Кумыков – Қазақстан кубогының финалы жайында.
- Егер нақты ойын туралы айтатын болсақ, егжей-тегжейлі ештеңе дегім келмейді. Бірінші таймды жаман өткіздік: жігіттер гол жіберіп алудан қорыққандай болды. Нәтижесінде, матч тағдырын сол шешті. Екінші таймда біз жақсы ойнадық, бірақ, өкінішке қарай, өз мүмкіндіктерімізді пайдалана алмадық.