«Қайрат» футбол клубы

«Қайрат» футбол клубы

Ваит ТАЛҒАЕВ: «Қайратта» резервті дайындау үшін ерекше жағдай жасалған…»
Академия жаңалықтары

Ваит ТАЛҒАЕВ: «Қайратта» резервті дайындау үшін ерекше жағдай жасалған…»

27 января 2019
/ 00:00

КСРО спорт шебері әрі Халық командасының ардагері Ваит Талғаев «Қайрат» ФК-ның Тимур Сегізбаев атындағы Жасөспірімдер Академиясының тәрбиеленушілерімен кездесу жайында әсерімен бөлісті.

- Ең алдымен, біз жас футболшыға шеберлікті меңгеру процесінде тұрақты тәртіптің қаншалықты маңызды екеніне баса назар аудардық, - дейді «Қайрат» ФК-ның бұрынғы қорғаушысы, қазіргі ардагері Ваит Талғаев. - Кез келген саладағы тұрақты табыстың, өркендеудің, даңқтың негізі талмай еңбек етуде жатыр. Футболда да солай. Сондықтан, ең алдымен, біз осы тақырып бойынша сөйлесуге тырыстық. «Қайратта» халықаралық стандарттарға сай, тіпті, кей тұста үздік шетелдік академиялардан озып кететіндей жағдай жасалған уақытта біздің жастарымыз үлкен шеберлерге айналу үшін осындай керемет мүмкіндікті пайдалануы керек.Жігіттер біздің елімізде бұрын-соңды болмаған даму жағдайында жүргенін түсінетіні көрініп тұр. Әлбетте, ойыншылар өздерін жетілдіру үшін бар күшін салып еңбек етуде. Білікті бапкерлердің де жұмыстары сезіледі. Шын жүректен қуаныштымыз, жақын арада «Қайраттың» тәрбиеленушілері отандық және халықаралық аренада тұрақты жеңістер сыйлайды деп үміттенеміз.

arrow-prev
arrow-next

Поделиться

Біздің серіктестер

close

Единый личный кабинет ФК «Кайрат»