«Қайрат» футбол клубы

«Қайрат» футбол клубы

Вахид Масудов: «Жиыннан бері санасақ, бұл ең нашар ойынымыз»
Қайрат

Вахид Масудов: «Жиыннан бері санасақ, бұл ең нашар ойынымыз»

10 марта 2019
/ 00:00

Вахид Масудов, «Тараз» ФК бас бапкері:

Команданы қабылдаған жаттығу жиынынан беру көрсеткен ең нашар ойынымыз шығар. Бәрін көредім, әсіресе бірінші таймда. Екінші таймда ойынымызды өзгерттік, бірақ біздің футболшыларға шеберлік жетіспейді. Бұл - бір. Екіншіден жауапкершілікті сезінбейді. Сол үшін де осындай есеп болды. Нашар бастап - нашар аяқтадық.

- «Тараз» ойыншыларының ішінде кімнің ойынына көңіліңіз толмады?

-  Бәріне. Бәрі өз деңгейінен төмен өнер көрсетті

- Қақпашы екі голдың да бетін қайтара алатын еді. Қалай ойлайсыз?

- Бірінші сәтте ол орнын өзгертіп, қақпаны жоғалтып алды. Қорғаушылар нашар ойнады. Ешкім күтіп алмады, сол үшін де біздің аймаққа кіруге мүмкіндік беріп қойды. Нәтижесінде жақын бұрыштан гол жіберіп алдық.

- Бұл маусымда «Тараздың» алдына қандай мақсат қойылды?

- Премьер-лигада қолдан келгенше жоғары орын алу.

- Дәл қазіргі сәтте «Тараздың» сапында 6 легионер бар. Олардың ойыны нашар болды. Басқа футболшыларды қарастырасыздар ма?

- Олар тым нашар ойнады деп айта алмаймын. Мысалы, Эливелто жиын кезінде өзін жақсы қырынан көрсетті. Ол бұдан да мықтырақ ойнай алады. Әрине, бір-екі легионерді алғымыз келеді. Ешкімді аямаймыз. Мүмкіндік болса жазда үмітті ақтамаған футболшылармен қош айтысамыз.

arrow-prev
arrow-next

Поделиться

Біздің серіктестер

close

Единый личный кабинет ФК «Кайрат»