«Қайраттың» аты аңызға айналған жартылай қорғаушысы Вахид Масудов «Пахтакорға» қарсы ойыннан алған әсерлерімен бөлісті.
- Әрине, қарсылас-достармен кездесу әрқашан жақсы. Бұрын біздің қарсыластығымыз шыны керек, қатал болды. Қазір, осы жаста, барлығына басқаша көз-қараспен қараймыз. «Пахтакорға» үлкен рахмет. Біз оларды көптен бері көрген жоқпыз, сондықтан да барлығы кездесуге қуанышты болды. Барлығы осы ойыннан үлкен рахат алды. «Қайрат» - «Пахтакор» ойынын еске алу өте жақсы болды. Алаңға шығып, өз шеберліктерімізді көрсетіп, жастық шақты еске алуға мүмкіндік туды. Осы мерекені ұйымдастырғаны үшін «Қайрат» футбол клубына рахмет!
- «Пахтакорға» қарсы матчтың қайсысы жақсы болды?
- «Орталықта» 6:2 болған кезде. Бірақ мен сол кезде ойынға қатыспадым, ауырдым. Жалпы, «Пахтакорға» қарсы әр матч ерекше болатын. Біз өмірге емес, өлімге күресетінбіз. Басшылық әрқашан жеңіске жету міндетін қоятын. Бізге осындай матчтарда жеңіс үшін қос сыйақы берілетін. Ешкім оны жасырмайтын. Ал, басшылық әрдайым былай деді: Егер «Пахтакорды» жеңсеңдер, онда сендерге бәрін кешіреміз. Міне, осылай болды. Осындай керемет естеліктер.