«Қайраттың» ресейлік қақпашысы «Жетісуды» жеңгені (2:1), алмасып шығуға мәжбүр болғаны және жанкүйерлердің қолдауы туралы айтты.
– Вадим, жеңіс құтты болсын! Команданың мақсаты қандай болды? Іске не асты, не аспады?
– Көп рақмет! Мұндағы мақсат алаңның барлық жерінде басымдық танытып, барлық дуэльде жеңіске жетіп, шабуылдың соңғы кезеңдерінде жақсы ойын көрсету болды. Ең бастысы, маңызды үш ұпайды алу. Алғашқы минуттарда бәрі ойдағыдай болмады, соның салдарынан гол жіберіп алдық. Бірақ еңсемізді түсірмей, ойынды өзгерте алдық. Мұндай матчтарда мінез бен жеңіске деген зор ниет бірінші орынға шығады.
– Бірінші таймда алмасып шығуыңа не себеп болды? Осындай жағдайға дайын болдың ба?
– Даня сәттердің бірінде аяғын жарақаттап алып, матчты жалғастыра алмады. Мен оған тезірек айығып кетуін тілеймін. Жарақаты ауыр емес деп үміттенемін. Әрине, негізгі құрамда бар-жоғыңа қарамастан, алаңға шығып, командаға көмектесуге әрқашан дайын болуың керек. Бұл – футбол, мұндай жағдай болып тұрады.
– Үзілісте бапкерлер не айтты?
– Кирилл Сергеевич бірінші таймдағы ойынымызға қатты көңілі толмады. Бапкер штабы кейбір сәтті түзетіп, екінші таймға бізді жігерлендірді.
– Жанкүйерлерімізге айтарың бар ма?
– Бізді қолдауға келген жанкүйерлерге көп рақмет айтқым келеді. Сырттағы ойындарда олардың қолдауын көрген қандай тамаша.