«Қайрат» футбол клубы

«Қайрат» футбол клубы

Вацлав Илек: «Екі матчта да жеңіске жеткенімізге қуаныштымыз»
Қайрат

Вацлав Илек: «Екі матчта да жеңіске жеткенімізге қуаныштымыз»

16 августа 2018
/ 00:00

«Сигманың» бас бапкері Вацлав Илек УЕФА Еуропа лигасының іріктеуіндегі қарымта матч жайлы ойын айтты, оның командасы «Қайраттан» басым түскен болатын.

- Өз ойыншыларыма алғыс айтуым қажет, бүгінгі ойын біз үшін сәтті өтті. Мүмкін, бұлай көрінбейтін шығар, бірақ бүгін біз өте мықты қарсыласпен күш сынастық. Екі ойында да жеңіске жеткенімізге қуаныштымыз. Мұнда қақпа жасалған соққылар маңызды болды, «Қайратқа» 4 гол соғу қажет болған, сондықтан бірінші болып гол салу біз үшін өте маңызды болды. Біз шабуыл жасамадық, бірақ Қайратқа да бізге шабуыл жасауға мүмкіндік бермей, қорғаныста жақсы ойнадық. Команда қиын жағдайда болса да, оларға өте жақсы қолдау көрсеткен жанкүйерлерге деген сүйіспеншілік пен алғыс сөздерімді айтқым келеді.

- 60-тан 70-минутқа дейінгі уақытты есептемегенде, «Сигма» матч бойы ойынды бақылауда ұстады. Матчқа дейін және үзіліс кезінде қандай нұсқау бердіңіз?

- Біздің басты мақсатымыз алаң ортасын ортасын жауып, Исламхан мен Исаэльдің ойнауына жол бермеу болды. Екінші таймда біз өзімізге жеткілікті түрде сенімді  болдық және допты өзіміздің жарты аалңымызда ұстағымыз келді, «Қайратта» соққы жасайтын мүмкіндік аз болды.

- Ойынның басында қақпаға алғашқы соққы жасалып, екінші сәтте доп маңдайшаға тигенде аздап қобалжу болды ма?

- Шамалы қобалжыдық, бірақ қатты емес. Біз осы сәтті өте жақсы пайдаланып, кейін өзіміз шабуыл жасадық.  

- Екінші гол соғылғаннан кейін командаңыз өз қақпасына жақын ойнады. Бұл сіздің нұсқауыңыз ба, әлде «Қайрат» сол тықсырып тастады ма?

- Негізінен ойынның өзі солай өрбіді, өз командама ондай нұсқау берген жоқпын. Команда әдейі өз жарты алаңында ойнады, себебі олар «Қайраттың» қысым жасап жатқанын көріп, өз қақпаларын қорғауға тырысты.

- Бұл сіздер үшін керемет нәтиже деп айта аласыз ба? Бүгін нәтижеге күмәнданған сәтіңіз болды ма?

- Біріншіден, біз жеңістерімізді мақтан тұтамыз, өйткені «Қайрат» өте тәжірибелі және мықты команда. «Қайрат» бірінші болып гол соғуынан сақтандым. Бірақ біз гол соққан соң бәрі орнына түсті. 

arrow-prev
arrow-next

Поделиться

Біздің серіктестер

close

Единый личный кабинет ФК «Кайрат»