«Қайрат» футбол клубы

«Қайрат» футбол клубы

Қуаныш Қабдулов: «Қайратты» жеңіспен құттықтаймын!»
Қайрат

Қуаныш Қабдулов: «Қайратты» жеңіспен құттықтаймын!»

10 ноября 2019
/ 12:00

«Атырау» бас бапкерінің міндетін атқарушы Қуаныш Қабдулов «Қайратқа» қарсы ойыннан алған әсерлерімен бөлісті.

- Бірінші кезекте бәрімізді чемпионаттың аяқталуымен құттықтағым келеді. Сондай-ақ, Премьер-лига, Бірінші лига және Екінші лиганың барлық жүлдегерлерін құттықтаймын. Әрине, бізде теориялық жағынан мүмкіндіктер болды. Негізінде, бүгін біз үшін оң нәтиже болғанда, нәтижесінде біз өтпелі матчтарда ойнау мүмкіндігіне ие болатын едік. Бірінші таймда біз тактикалық тұрғыдан сәл дұрыс ойнамадық, ал екінші жартысында түзетулер енгізіп, ауысулардың арқасында гол соғатын сәттер де  жасадық. Бірге жұмыс істеген  жігіттерге үлкен рахмет айтқым келеді. Олар соңына дейін күресті, сондықтан да оларға ешқандай наразылық жоқ. «Қайратты» жеңіспен құттықтаймын, сондай-ақ күміс медальдармен.

 - Жақында ғана команданы Асқар Қожабергенов басқарды, ал бүгін оның команда құрамында жоқ екені белгілі болды. Сіз мұны қалай түсіндіресіз?

- Бастапқыда Асқар Сейдахметұлы маған көмектесуге келді, себебі оның «PRO» санаты болды. «Ордабасымен» болған ойынынан кейін ол отбасылық жағдайларға байланысты келісім-шартты бұзуды сұрады, содан кейін ол үйіне қайтып кетті. Бізде онымен ешқандай түсініспеушіліктер болған жоқ, біз жақсы жұмыс жасадық.

– Сондай-ақ, Жан Нгвем, Алекс Бруно, Антун Маркович және Бубакар Мансали командадан кетті деген мәлімет болды. Бұл туралы не айта аласыз?

- Мансали Қазақстан Кубогының финалынан кейін командадан кетті. Нгвем мен Алекс бесматчтік дискралификация алғандықтан, олардың Алматыға ойынға келуде мәні болған жоқ. Маркович жарақат алды, сондықтан да өтінімде болған жоқ. Біз оларды үйіне жібердік.

- Өткен маусымға баға беріңізші. Премьер-лигадағы тіркелімді сақтауға не кедергі болды?

– Жыл басында бір футболшылар, ал жазғы трансферлік терезеден кейін басқа футболшылар болды. Мен басқа жаттықтырушылардың жұмысын бағалағым келмейді, тек өз жұмысым туралы айта аламын. Осы бір жарым ай ішінде біз 8 ұпай жинадық, сондай-ақ Виктор Кумыковтың отставкасынан кейін бір ұпайға қол жеткіздік. Нәтижесінде, біз 9 ұпай жинап, Виктор Кумыков пен Олег Дулуб тоғыз айдың ішінде 17 ұпай жинады. Осы маусымға берілген баға. Осы уақыт ішінде футболшылар өз-өзіне, жаттығу үдерісіне деген көзқарасты өзгертті және осы екі ай ішінде шеберлік жағынан өте жақсы қосты.

- Сізге уақыт жетпеді ме?

- Солай айтуға болады. Қазіргі уақытта команда жақсы дайындықта екенін айтқым келеді. Мысалға - ойнамаған Петар Гжелчак, мен онымен сөйлескеннен кейін, адам ашылып, гол соға бастады. Бізде креативті Алекс, Абдулавов және Гжельчактан жақсы шабуылдаушы қатар шықты.

-Премьер-лигадағы маусым қорытындысы бойынша командалардың кестеде орналасуы қаншалықты заңдылықты? Сіз қандай да бір сәйкессіздіктерді көресіз бе? Мүмкін біреу қатты төмен түсіп кетті немесе төмен бюджетті команда  алдыға шықты ма?

 - Әрине, мұндай жағдайлар болды. Мысалы «Оқжетпес», «Жетісу» осы жылы өздерін жақсы көрсетті. «Ақтөбеден» 12 ұпай шегерілді. Менің ойымша олар жергілікті ойыншылармен өте жақсы маусым өткізді, өкінішті. Бүгінгі матчтың соңында біздің 7 тәрбиеленушіміз ойнаса, жалпы өтінімде 13 жергілікті ойыншы болды. Ақтөбеде де өсіп, дамып, үлкен футбол ойнағысы келетін жергілікті ойыншылардың бар екеніне қуаныштымын.

arrow-prev
arrow-next

Поделиться

Біздің серіктестер

close

Единый личный кабинет ФК «Кайрат»