«Қайрат» футбол клубы

«Қайрат» футбол клубы

Турнир соңындағы ірі жеңістер
Академия жаңалықтары

Турнир соңындағы ірі жеңістер

23 марта 2019
/ 00:00

Сергей Вахрушевті еске алуға арналған халықаралық турнир мәресіне жетті, оны жыл сайын «Краснодар» футбол клубы ұйымдастырады. Биыл оған Беларусь, Қазақстан, Ресей, Түркия мен Өзбекстаннан келген 2003 жылғы жасөспірім командалар қатысты.

Өкінішке қарай, «Қайраттың» өкілдері үздік үштікке ене алмады, олар топтық кезеңнің шешуші матчында турнирдің болашақ чемпионы – түркиялық «Алтынордаға» жол берді. Топтық кезең ойындары бітіп, командаор бір күн демалған соң «сары-қаралар» екі сенімді жеңіске қол жетккізіп, турнирді бесінші орынмен аяқтады. Алдымен олар Әлішер Рахымжановтың дублі арқасында «Бунедкорды» ұтса, турнирдегі соңғы мтачында минскілік «Динамоны» тас-талқан етті.

Тимур Қасымов шәкірттері бірінші таймда-ақ матч жеңімпазын анықтап берді. Командалар үзіліске 3:0 есебімен кетті. Үзілістен соң алматылықтар басымдықты бермей, «Динамо» қақпасына тағы екі гол соқты. «Қайрат» сапында Егор Ткаченко дубль жасады, алАлександр Широбоков, Нұргелді Төлеуханов пен Диас Күшкімбаев бір голдан соғып шықты. 

arrow-prev
arrow-next

Поделиться

Біздің серіктестер

close

Единый личный кабинет ФК «Кайрат»