С. П. Квочкин атындағы Академияда «Қайрат» ФК-ның 65 жылдығына арналған халықаралық балалар турнирі ашылды. Турнирге төрт елден сегіз команда қатысады.
Спорттық оқиғалардың үздік дауысы Евгений Ожогин жүргізген жарыстың салтанатты ашылуында «Қайрат» ФК бас директоры Марат Баймұханов, «Қайрат» Академиясының басшысы Вольфганг Гейгер құттықтау сөз сөйледі. Сондай-ақ, турнирдің жас қатысушыларына «сары-қаралардың» ардагерлері Құралбек Ордабаев, Вахид Масудов және Владимир Никитенко сөз сөйледі.
«Қайрат» ФК бас бапкері Алексей Шпилевский және негізгі команданың қорғаушысы Сергей Политевич жас футболшыларға турнирден тек жақсы эмоциялар алуға тілек білдірді.
Естеріңізге сала кетейік, 12 жастан аспаған футболшылар қатысатын халықаралық балалар турнирі 1 қарашада аяқталады. Ең мықты атануға сегіз команда таласады. Қазақстандық төрт команда: «Қайрат А», «Қайрат Ф», «Астана» және «Жас Қыран». Екі команда Алматыға Өзбекстаннан келді: «Пахтакор» және «Бунедкор». Ресей: «Алтай» және Беларусь: «Динамо» бір командадан қатысады. Топтық кезең 30-шы қазанда аяқталады. 31 қазанда жартылай финалдық кездесулер басталады.