Бүгін «Қайрат» ФК бас бапкерінің көмекшісі Томми Йениген 29 жасқа келді!
Алексей Шпилевскийдің бапкерлік штабына енген неміс маманы бапкер болып жұмыс атқарғанына 12 жылдай уақыт болған. Ол кішкентай топтарға жетекшілік ете отырып, кәсіби деңгейдегі футболшыларды дайындауға көшкен. Соңғы 5 жылда «РБ Лейпциг» командасын жаттықтырды. Бапкер өз қызметінде ғылыми-методикалық жұмыстарға және бнйнеталдауға көп көңіл бөледі.
«Қайрат» ФК үлкен отбасысы Томмиді туған күнімен құттықтайды! Бапкерге спорттық ұзақ ғұмыр, мықты денсаулық және командамен бірге жаңа жеңістерге жете беруін тілейміз!