Бүгін «Қайрат» ФК қорғаушысы Станислав Лунин 25-ші туған күнін атап өтуде.
Осы маусымды Станислав үшін ерекше деуге болады: алматылық клубтың қапталдағы қорғаушысы тұрақты түрде матчтарға қатысып жүр және павлодарлық «Ертіске» қарсы соңғы ойында азулы қарсыласты ұтуға көмектесті. Сенімді ойынының арқасында Станислав жанкүйерлердің махаббатына ие болды және негізгі құрамның тұрақты ойыншысы саналады.
«Қайрат» футбол клубының ұжымы Станиславты Туған күнімен құттықтайды және оған зор денсаулық, спортта ұзақ ғұмыр, жеңістер мен бақыт тілейді!