Бүгін «Қайрат» футбол клубының ойыншысы Самат Сәрсенов өзінің 22-ші туған күнін атап өтуде.
Самат жас әрі талантты шабуылшы. Клубтың дубльдік құрамында Сэм 8 голдың авторы атанды. Биыл Сәрсенов Қазақстан кубогының ширекфиналдық матчында негізгі команда сапында дебютін өткізді. Сол ойында «Қайрат» тек қана қазақстандық ойыншылардың күшімен сырт алаңда шымкенттік «Ордабасыны» ұтқан болатын.
«Қайрат» футбол клубының ұжымы Саматты Туған күнімен құттықтап, оған зор денсаулық, спортта ұзақ ғұмыр және командамен бірге үлкен жеңістер тілейді!