«Қайрат» футбол клубы

«Қайрат» футбол клубы

Туған күніңмен, Ренат!
Қайрат

Туған күніңмен, Ренат!

29 апреля 2020
/ 11:00

Бүгін «Қайрат» футбол клубының медиа-офицері Ренат Алтайбаев туған күнін атап өтуде.

Ренат Алтайбаев өз өмірін футболмен бұрыннан байланыстырды. Ол ұзақ уақыт бойы журналист болып жұмыс істеп,содан кейін спорттық комментатор болды. Оның дауысын сіздер КТК, Qazaqazsport және SetantaQazaqstan телеарналары эфирінен естіген боларсыздар, онда ол ағылшын Премьер-лигасының матчтарына комментатор болды. Сондай-ақ, Ренат «сары-қаралар» жанкүйерлеріне клубтың ресми YouTube-арнасындағы тікелей эфир арқылы жақсы таныс, себебі ол «Қайрат-Жастар» командасының үй матчтары мен оқу-жаттығу жиындарындағы ойындарда комментатор болды.

Ренат «Қайрат» футбол клубының отбасына 2019 жылдың қаңтар айында қосылып, клубтың медиа-қызметіне бірден сіңісіп кетті. Медиа-команданың үйлесімді жұмысының арқасында сіз, біздің қымбатты жанкүйерлер, сүйікті команда туралы барлық қажетті ақпаратты жедел ала аласыздар.

«Қайрат» футбол клубының үлкен «сары-қаралар» отбасы Ренатты туған күнімен құттықтайды, оған мықты денсаулық, ұзақ өмір, отбасылық бақ-береке, сондай-ақ командамен бірге үлкен жеңістер тілейді!

arrow-prev
arrow-next

Поделиться

Біздің серіктестер

close

Единый личный кабинет ФК «Кайрат»