«Қайрат» футбол клубы

«Қайрат» футбол клубы

Туған күніңмен, Небо!
Қайрат

Туған күніңмен, Небо!

24 февраля 2020
/ 12:00

Бүгін өзінің 25-ші туған күнін «сары-қаралардың» жартылай қорғаушысы Небойша Косович атап өтуде!

Командалас серіктестері Небо деп атайтын ойыншы өткен жылдың сәуір айында «Қайратқа» қосылды.  Косович «сары-қаралар» құрамына ауысқанға  дейін төрт маусымды атақты сербтік «Партизан» құрамында өткізді. Белград клубымен Небойша Сербия чемпионы болды, сондай-ақ үш рет ел Кубогын жеңіп алды.

Небо «Қайраттың» құрамында өткен маусымда 18 матч өткізді. Черногория құрамасында алған жарақаты «Қайрат» құрамында көп ойын өткізуге кедергі жасады. Қазір талантты жартылай қорғаушы толығымен қалыпқа келіп, керемет ойын көрсетіп жатыр. Үшінші ОЖЖ-ғы бақылау матчтарында Небо команданың негізгі плеймейкері ретінде өнер көрсетті. 
 
Біздің үлкен «сары-қаралар» отбасы Небойшаны туған күнімен құттықтайды! Біз саған спорттық ұзақ өмір, мықты денсаулық және «Қайрат» ФК бірге үлкен жеңістер тілейміз.
arrow-prev
arrow-next

Поделиться

Біздің серіктестер

close

Единый личный кабинет ФК «Кайрат»