«Қайрат» футбол клубы

«Қайрат» футбол клубы

Туған күніңмен, Нұралы!
Қайрат

Туған күніңмен, Нұралы!

22 декабря 2019
/ 12:00

Бүгін өзінің 20-шы туған күнін «Қайраттың» қорғаушысы Нұралы Әліп атап өтуде.

Нұралы – «Қайрат» футбол клубы Академиясының дарынды түлегі. Өзінің ынтасы, еңбекқорлығы мен талабының арқасында жас орталық қорғаушы «сары-қаралардың» қорғанысының негізгі ойыншыларының бірі болды. Біздің қорғаушымыздың жетістіктерін құраманың жаттықтырушылары атап өтіп, Нұралыны жастар құрамасына жиі шақыруда. Сондай-ақ, Әліп ұлттық құрамада Болгарияға қарсы жолдастық кездесуде дебют жасады.

Аяқталған ел чемпионатында Нұралы 20 матч өткізді. Жастығына қарамастан, ол үнемі прогресс жасап, жетілген футболды көрсете отырып, команданың негізгі орталық қорғаушысы болуға дайын екендігін көрсетті.

«Қайрат» футбол клубының үлкен отбасы Нұралыны туған күнімен құттықтайды, оған мықты денсаулық, спорттық ұзақ өмір және командамен бірге үлкен жеңістер тілейді!

arrow-prev
arrow-next

Поделиться

Біздің серіктестер

close

Единый личный кабинет ФК «Кайрат»