«Қайрат» футбол клубы

«Қайрат» футбол клубы

Туған күніңмен, Мартон!
Қайрат

Туған күніңмен, Мартон!

20 ноября 2019
/ 12:00

Бүгін өзінің 28-ші туған күнін «Қайраттың» шабуылшысы Мартон Эппель атап өтуде.

Мартон биылғы маусымда жанкүйерлерді өз ойынымен және тамаша нәтижесімен қуантты. 2019 жылы форвард 16 гол соғып, команданың екінші бомбардирі болды. Мартон мансабындағы алғашқы хет-трикті «Қайраттың»футболкасында ресімдегені ерекше қуантады. Ол хет-трикті шілде айында «Қайсар» командасына қарсы «сары-қаралардың»5:1 есебімен жеңіске жеткен матчында жасады.

 Эппельдің аса маңызды дублі алматылықтардың 5:3 есебімен жеңіске жеткен «Тобылға» қарсы ойынында болды. Мартон барлығы төрт дубльді өз есебіне жазды!

«Қайрат» футбол клубының үлкен отбасы Мартонды туған күнімен құттықтайды, оған мықты денсаулық, жоғары нәтижелілік, ұзақ өмір және командамен бірге үлкен жеңістер тілейді!

 

arrow-prev
arrow-next

Поделиться

Біздің серіктестер

close

Единый личный кабинет ФК «Кайрат»