«Қайрат» ойыншылары жеңісті ойынымен клуб автобусының жүргізушісі Иван Дерменжиді құттықтады. Бүгін ол өзінің 42-ші туған күнін атап өтуде.
Иван клубта бұрыннан бері жұмыс істеп келе жатқан, барлығының сүйікті әріптесі. Әріптестері мен футболшылар оны кәсіпқойлығы, жұмысқа адалдығы үшін бағалайды.
Туған күніңмен, Иван! «Сары-қаралар» отбасы сізге мықты денсаулық және командамен бірге үлкен жеңістер тілейді!