Бүгін өзінің 21-ші туған күнін «Қайраттың» жартылай қорғаушысы Хан Чжон Ву атап өтуде.
Сеулден келген футболшы биылғы жылдың қаңтар айында, Белекте өткен ОЖЖ-да қомандаға қосылып, біздің клубпен келісімшартқа қол қойды. Үздік жылдамдықпен және жақсы дриблингке ие ҚПЛ-ғы бірінші оңтүстік кореялық футболшысы Оңтүстік Кореяның олимпиадалық құрамасына үміткер болып табылады.
Аяқталған маусымда Хан Чжон Ву клубтың негізгі құрамы үшін 6 матч өткізіп, «Қайрат-Жастар»» құрамында 6 ойын ойнады.
«Қайрат» футбол клубының үлкен отбасы жартылай қорғаушыны туған күнімен құттықтайды, оған мықты денсаулық, спорттық ұзақ өмір және командамен бірге үлкен жеңістер тілейді!