Бүгін «Қайраттың» жартылай қорғаушысы Георгий Жуков 25-ші туған күнін атап өтуде.
Георгий ең талантты қазақстандық футболшылардың бірі. Оның еңбекқорлығы мен жаттығулардағы қажырлы жұмысы оған «Қайраттың» және Қазақстан құрамасының негізгі футболшысы болуға көмектесті.
Жуков Семей қаласында дүниеге келіп, бес жасында ата-анасымен бірге Бельгияға көшіп, футболмен айналыса бастады. Ол Бельгия чемпионатында қазір Ян Вороговский ойнап жүрген «Беерсхота» құрамында ойнаған. 2017 жылдан бастап Жуков «Қайраттың» сапында екі рет ел Кубогын және ҚР Суперкубогын жеңіп алды.
«Қайрат» футбол клубының үлкен отбасы Георгийді туған күнімен құттықтайды! Біз саған спорттық ұзақ өмір, мықты денсаулық және командамен бірге үлкен жеңістер тілейміз!