Бүгін өзінің 25-ші туған күнін «Қайраттың» жартылай қорғаушысы Еркебұлан Тұңғышбаев атап өтуде.
Өзінің кәсіби мансабын Еркебұлан туған «Ордабасы» командасынан бастап, шымкенттік клубтың құрамында 152 ойын өткізді. Онда дарынды жартылай қорғаушы 23 гол соғып, 18 нәтижелі пас берді. Қазақстан ұлттық құрамасы үшін Тұңғышбаев 10 матч ойнап, бір гол соқты.
2016 жылы Еркебұлан Премьер-Лиганың үздік жас ойыншысы атанды. Аяқталған чемпионатта хавбек «сары-қаралар» үшін 16 матч өткізді.
«Қайрат» футбол клубының үлкен отбасы Еркебұланды туған күнімен құттықтайды және оған мықты денсаулық, спорттық ұзақ өмір және командамен бірге үлкен жеңістер тілейді!