Бүгін өзінің отыз бірінші туған күнін «Қайрат» ФК-ның аға видеоаналитигі Эльшад Хинизов атап өтуде.
Эльшад Хинизов футболшы ретінде «Цесна», «Алма-Ата», «Қайсар» және «Іле-Сәулет» клубтарында өнер көрсетті. 17 және 19 жасқа дейінгі ұлттық құрамаға шақырту алды. 2011 жылы ойыншының мансабын аяқтағаннан кейін ол видеоаналитиктің жұмысына көңіл бөлді.
Содан кейін ол «Қайрат» ФК Академиясына шақырту алды. Осылайша Эльшад клубта сегіз жылдан астам уақыт бойы жұмыс істеп, Академиядан негізгі құрамға дейінгі жолды жүріп өтті.
Біздің үлкен «сары-қаралар» отбасы Эльшадқа мықты денсаулық, отбасылық амандық, сонымен қатар командамен бірге үлкен жеңістер тілейді!