«Қайрат» футбол клубы

«Қайрат» футбол клубы

Туған күніңмен, Дино!
Қайрат

Туған күніңмен, Дино!

07 мая 2020
/ 11:00

Бүгін өзінің 26-шы туған күнін «Қайраттың» қорғаушысы Дино Миканович атап өтуде.

Өткен жылдың ақпан айында «Қайратқа» ауысқан Дино Миканович өзін нағыз кәсіпқой және шаршамайтын жауынгер ретінде көрсете отырып, бірден таптырмайтын ойыншыға айналды. Оның жұмысқа деген қабілеттілігі, еңбексүйгіштігі мен жылдамдығы командаға қорғаныс кезінде де, шабуыл жасау кезінде де көмектеседі. 

Микановичтің әмбебаптығы оған әр түрлі позицияда ойнауға және өзінің оң қапталында өз айып алаңынан, басқаның айып алаңына дейін жұмыс істеуге мүмкіндік береді. Оның жылдамдығы мен пастары жиі маңызды голдарға әкеледі. Хорват ойыншысы «Қайраттың» көп ұлтты ұжымына тез сіңісіп кетті. Өткен маусымда ол алаң ойыншылары арасында, өткізген ойындардың саны бойынша рекордшы болды.

«Қайрат» футбол клубының үлкен отбасы Диноны туған күнімен құттықтайды! Біз саған спорттық ұзақ өмір, мықты денсаулық және командамен бірге үлкен жеңістер тілейміз!

arrow-prev
arrow-next

Поделиться

Біздің серіктестер

close

Единый личный кабинет ФК «Кайрат»