Бүгін өзінің отыз екінші туған күнін «Қайрат» ФК-ның дәрігері Дастан Тұралиев атап өтуде.
Дастан Тұралиев Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық Медицина Университетін бітірген. Алты жыл медициналық көмек дәрігері ретінде жұмыс істеді. Одан кейін Дастан Алматы дәрігерлерді жетілдіру институтында спорттық медицина мамандығы бойынша қайта даярлаудан өтті. Соңғы үш жылда Дастан клуб құрылымында жұмыс істеп келеді. Алдымен ол «Қайрат» ФК Академиясында дәрігер болды, содан кейін екінші құрамның денсаулығына жауап берді. Биылғы маусымнан бастап ол клубтың негізгі командасының дәрігері.
Біздің үлкен «сары-қаралар» отбасы Дастанға шын жүректен мықты денсаулық, отбасылық бақ-береке, сонымен қатар командамен бірге үлкен жеңістер тілейді!