Бүгін «Қайрат» ФК ардагері Виктор Катков 67 жасқа толып отыр!
Виктор Георгиевич - алматылық «Қайратқа» еңбегі сіңген ардагер ойыншы. Ол 1972-1976 жылдары аралығында «Қайраттың» намысын қорғады, кейіннен клубта бас бапкер қызметін атқарды. Виктор Георгиевич бұқаралық футболды дамытумен айналысты. Сондай-ақ, аңыз ойыншы «Қайраттың» ҚФФ атқару комитетінде, ҚФО техникалық комитетінің мүшесі, Қазақстан чемпионатының матчтарының инспекторы қызметін атқарды.
«Қайрат» ФК үлкен отбасысы Виктор Георгиевичке туған күнімен құттықтай отырып, мықты денсаулық, отбасылық әл-ауқат, үлкен жеңістер тілейміз!