Бүгін алматылық «Қайраттың» еңбегі сінген ардагері Сейілдә Байшақов 68-ші туған күнін атап өтіп жатыр.
Сейілдә Икрамұлы – қазақстандық футболдағы аңыздардың бірі. Алматылық клубтың құрметті ардагері отандық спорттың дамуында үлкен септігін тигізіп, ХХ ғасырда Қазақстанның ең үздік футболшысы атанды.
Өткен ғасырдағы аңызға айналған команданың құрамында Сейілдә Байшақов 296 матч өткізіп, 11 гол соқты. Бүгінгі таңда қазақстандық маман елімізде футболды дамыту жолында жұмысын жалғастырып, Қазақстан футбол федерациясында басшылық қызметінде жүр.
«Қайрат» футбол клубының ұжымы Сейілдә Икрамұлын Туған күнімен құттықтап, оған зор денсаулық, отбасында бақыт және үлкен жетістіктер тілейді!