«Қайрат» футбол клубы

«Қайрат» футбол клубы

Туған күніңізбен,Саша!
Қайрат

Туған күніңізбен,Саша!

24 июля 2019
/ 11:00

Бүгін «Қайраттың» қақпашылар бапкері Саша Март өзінің 27-туған күнін атап өтуде.

Австриялық бапкер осы жылдың қаңтар айынан бастап клубта жұмыс жасайды. Жас болса да, артында мол тәжірибесі бар маман. Саша 2014 жылдан бастап, Австриялық Бундеслигада ойнаған «Адмира Ваккер Мёдлинг» клубында жұмыс жасаған. 2015 жылы ол «Ред Булл Зальцбург» футбол клубының академия қақпашыларын дамытумен, кейін екінші құраманың қақпашыларын дайындаған. 2018 жылдың басынан ол клубтың барлық қақпашыларының жұмысын бақылады. Сонымен қатар, Март «Вольфсбургте», «Айнтрахте», «Валенсияда», «Ганновере-96», «Лейпцигте» және де  «Саутгемптонда» өз біліктілігін жетілдірген.

Саша«Қайрат» және «Қайрат-Жастар» қақпашыларына өз шеберлігін дамытуға және мықты болуға көмектесіп,аз уақыт ішінде өзін өз ісінің шебері екендігін көрсетті.

«Қайрат» футбол клубының үлкен отбасы Сашаны туған күнімен құттықтайды, оған мықты денсаулық, биік жетістіктер, ұзақ өмір, сондай-ақ командамен бірге үлкен жеңістер тілейді!

arrow-prev
arrow-next

Поделиться

Біздің серіктестер

close

Единый личный кабинет ФК «Кайрат»