Бүгін «Қайраттың» ардагері Құралбек Ордабаев туған күнін атап өтуде.
Құралбек Досжанұлы қазақстандық футбол мен алматылық «Қайраттың» ардагері, КСРО спорт шебері саналады. Тәжірибелі жанкүйерлер Құралбек Ордабаев отандық футболдың 20 ғасырдағы үздік қақпашысы саналғанын жақсы біледі, ол халық командасының намысын 12 жыл бойы қорғаған еді.
Ойын мансабын аяқтаған соң Құралбек Ордабаев футболдан кетпей, алматылық «Қайратта» команда басшысы ретінде жұмысын жалғастырды, кейін клуб президенті атанды. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы футбол қауымдастығын басқарған болатын.
Қазір ол «Қайрат» футбол клубында бұқаралық футболды дамыту бөлімінің менеджері және алматылық команда ардагерлері қозғалысының жетекшісі қызметтерін атқарады.
«Қайрат» футбол клубының ұжымы Құралбек Досжанұлына шын жүректен зор денсаулық, отбасында бақыт, жұмысында жақсы нәтижелер және «Қайратпен» бірге үлкен жеңістер тілейді!