Бүгін «Қайрат» қақпашыларының бапкері Олег Воскобойников туған күнін атап өтуде.
Олег Игоревич – өз ісінің үлкен маманы. Бұл алматылық команданың қақпашылары Стас Покатилов пен Владимир Плотниковтың сенімді ойындары дәлел бола алады. «Қайраттың» қақпашылар шебі Қазақстандағы сенімді саналады, бұл Олег Воскобойниковтың талмай атқарған еңбегінің арқасында.
«Қайрат» футбол клубының ұжымы Олег Игоревичті Туған күнімен құттықтап, оған зор денсаулық, бақыт, мансабында сәттілік пен командамен бірге үлкен жеңістер тілейді!