Бүгін «Қайрат» ФК ардагері Михаил Гурман өзінің 65-ші туған күнін атап өтіп жатыр. Михаил Ильич Гурман «Қайрат» футбол клубының құрметті ардагері саналады, ол команда тарихында сүбелі үлес қосқан адам. Аңызға айналған жартылай қорғаушымен бірге халық командасы 1976 жылы КСРО чемпионатының Жоғары лигасына жолдама алған болатын.
Қазіргі таңда Михаил Ильич «Қайрат» футбол клубында бұқаралық футболды дамыту бөлімінің менеджері қызметінде еңбек етіп жүр, сонымен қатар, қазақстандық футболдағы жетекші сарапшылардың бірі саналады. Еліміздегі жанкүйерлер мен футбол функционерлері арасында құрметті.
«Қайрат» футбол клубының ұжымы Михаил Ильичке зор денсаулық, жұмысында тамаша нәтиже, «Қайратпен» бірге үлкен жеңістер тілейді!