Бүгін - алматылық «Қайраттың» қорғаушысы Елдос Ахметов пен жартылай қорғаушы Айбол Әбікеннің туған күні!
Қазақстан ұлттық құрамасының қорғаушысы Елдос Ахметов 29 жасқа толып жатыр. Жастар құрамасының ойыншысы Айбол Әбікен болса, өзінің 23 жасын тойлауда. Екі футболшы да кәсіби қасиеттерімен ерекшеленіп қоймай, әзілімен команданың көңілін көтеріп жүрген жандар. Туған күн қарсаңында Елдос пен Айбол «Ақтөбені» жеңіп, өздеріне керемет сыйлық жасады.
«Қайрат» футбол клубының командасы Елдос пен Айболды туған күнімен құттықтайды! Сіздерге спортта сәттілік, мықты денсаулық және командамен бірге үлкен жеңістерге жете беруді тілейміз.