«Қайрат» сырт алаңда «Атыраудан» айласын асырды.
«Атырау» - «Қайрат» - 1:3
Голдар: Аденидже, 69 - Аршавин, 28, Исаэль, 33, Анене, 68
«Атырау»: Андрей Пасеченко (Қ), Томислав Барбарич, Стефан Живкович, Игорь Зенькович, Новица Максимович, Джозеф Нейн, Предраг Сикимич, Эльдар Әбдірахманов, Алтынбек Сапаров, Марат Хайруллин (К), Рафкат Аслан
Қосалқы құрам: Владимир Логиновский (Қ), Бабатунде Аденидже, Эдуард Сергиенко, Дәурен Қайраллиев, Қуаныш Қалмұратов, Айбар Нұрыбеков, Антон Чичуллин, Руслан Эсатов
«Қайрат»: Владимир Плотников (Қ), Ғафуржан Сүйімбаев, Шелдон Бато, Нұралы Әліп, Станислав Лунин, Акош Элек, Исламбек Қуат (К), Андрей Аршавин, Хуан Фелипе (92, Әбікен), Исаэль Барбоза (83, Иличевич), Уго Сильвейра (65, Анене)
Қосалқы құрам: Стас Покатилов (Қ), Ян Вороговский, Бауыржан Исламхан, Александр Соколенко, Вячеслав Швырев
Алаң иелері бүгін «Қайратты» қосалқы «Томарлы» алаңында қабылдады. Барлық қиындықтарға қарамастан, «Қайрат» «мұнайшылардан» басым түсті. Матчтың бірінші жартысы «Қайраттың» басымдығымен өтті.
Матчта бірінші болып есепті «Қайраттың» ресейлік жартылай қорғаушысы Андрей Аршавин ашты. Бірнеше минуттан соң Исаэль Барбозаның бұрыштан әуелеткен добы қақпаға еніп кетті – 0:2.
Ойынның екінші жартысында Чума Анене Уго Сильвейраның орнына шығып, бірден гол соқты. «Атыраудың» қақпашысы қате жіберіп, біздің шабуылшымыз сол олқылықты пайдаланып кетті. Бірақ атыраулықтар көп ұзамай есеп айырмасын қысқарта алды – 1:3. Аденидже қанжығасын майлады. Қалған уақытта «Қайрат» допқа иелік етіп, матчта әдемі жеңіспен аяқтады.