«Қайрат» футбол клубы

«Қайрат» футбол клубы

Тимур Уразов: «Ойында жеңіліс таптық, алға қарай жылжу керек»
Қайрат

Тимур Уразов: «Ойында жеңіліс таптық, алға қарай жылжу керек»

26 октября 2019
/ 11:00

«Тобылдың» бас бапкері Тимур Уразов матчтан кейінгі баспасөз конференциясы аясында «Қайратқа» қарсы ойын туралы өз ойымен бөлісті.

- Ұтылған матчқа түсініктеме беру қиын. Жігіттер барын салды. Оларға ешқандай наразылық жоқ. Ойында жеңіліс таптық, алға қарай жылжу керек. Алда Қызылордада маңызды ойын. Дайындық үшін уақыт аз, бірақ біз қателіктерімізді түзейміз.

- Бірінші голдың алдында Балаев аздаған жарақат алып, дәрігерлерден көмек сұрай алатын еді, бірақ мұны істемеді. Бұған қосалқы құрам қалай қарады?

- Бұл ойын сәті және де бұл ойыншының өз шешімі, бригада шақыру керек пе, жоқ па. Ол жерде соқтығыс болды. Мен ол жерде жай ғана үзіліс қажет болды деп ойлаймын.

- Нұрбол Жұмасқалиевтің келесі маусымда «Тобылдың» бас бапкері болуға қаншалықты мүмкіндігі бар?

- Маусым әлі жүріп жатыр, шешімді клуб пен облыс басшылығы маусым аяқтағаннан кейін қабылдайды.

- Бұл матчтың алдында қандай мақсат қойылды? Эмиль Балаев жиі уақытты кешіктірді. Сіздер тең есепті ұстап қалуға тырыстыңыздар ма?

- Біздің мақсаттарымыздың бірі гол жіберіп алмау. Біз қарымта шабуылда мүмкіндік тапқымыз келді. 75 минутқа дейін есепті ұстап тұрдық. Егер допты жоғалтпай, сол қарымта шабуылды жіберіп алмағанда, бәрі басқаша болуы мүмкін еді.

- Жақында ғана «Тобыл» алтын медальға үміткерлердің бірі болды, ал сайып келгенде Еурокубоктан тыс қалуы мүмкін.

 - Чемпионаттың аяқталуын күтейік, содан кейін қорытынды жасаймыз. Алда тағы үш ойын. Маусым аяқталғаннан кейін барлығы белгілі болады.

 

 

 

 

 

 

 

arrow-prev
arrow-next

Поделиться

Біздің серіктестер

close

Единый личный кабинет ФК «Кайрат»