«Қайрат» футбол клубы

«Қайрат» футбол клубы

Тимур Касымов: «Біз төрт дүркін чемпион болуды мақсат етіп қойдық»
Академия жаңалықтары

Тимур Касымов: «Біз төрт дүркін чемпион болуды мақсат етіп қойдық»

20 августа 2019
/ 11:00

«Қайрат» ФК Академиясының 2003 жылғы команданың бапкері төртінші рет қатарынан ҚР чемпионатының алтын медальдарын жеңіп алған команда жетістігінің сыры туралы айтты және де турнирді таңқаларлық голдық +100 доп айырмашылықпен аяқтады.

- Тимур, чемпиондықпен құттықтаймын, сондай-ақ осындай әсерлі гол айырмашылығымен!

- Көп рахмет! Ең үлкен есеп бізде қорытынды ойында болды. Мұның себебі қарапайым: ақырғы айырмашылық +100 гол болуы үшін бізге 14 гол соғу қажет еді. Бүкіл чемпионатта біз тек 3 гол жіберіп алдық. Тиісінше, гол санын 103-ке жеткізу керек еді. Жігіттер барын салып, мақсаттарына қол жеткізді. Бұл біздің турнирдегі ең үлкен есебіміз болды.

- Чемпионатты осындай санмен аяқтау кімнің мақсаты еді?

- Біз басынан өзімізге барлығынан аз гол жіберу керекпіз деген мақсат қойдық. Академия командаларының барлығынан аз гол жіберу. Біз осыған қол жеткіздік. Ал жігіттер турнирдің алдында өздеріне тағы бір мақсат қойды - жүз гол соғу. Олар маған Қылылордада өткен ең бірінші матчтың дәл алдында айтты. Біз ешқашан осындай санға жақындамадық. Шыны керек, мен бұның мүмкін болатынына күмәндандым. Бірақ команданың жаттығудағы жұмысы, барын салғандығы осындай рекорд қоюға көмектесті. Тағы да біз төрт дүркін чемпион болуды мақсат етіп қойдық. Бұл орындалды. Біз Академияның осындай жетістікке жеткен жалғыз командасымыз. Марапаттау рәсімінде Қазақстан Футбол федерациясы өкілдерінің сөздерін тыңдау өте жағымды болды. Олар біздің команда басқаларға қалай жұмыс жасау керек екендігіне үлгі деді. Жігіттер көп жұмыс жасады. Мен осы жетістікке қатысы бар барлық адамдарға алғысымды білдіремін: қақпашылар бапкері Евгений Овчиниковке, дене шынықтыру бапкері Анастасия Виноградоваға, команда дәрігері Чингиз Какимовке. Бұл біздің ортақ жетістік. Академия аспаздарына, тәрбиешілеріне, кір жуатын адамдарға, медиа-қызметкерлеріне алғыс білдірмемін. Мысалы, сіздер команданы Instagram-да белгілейсіздер. Футболисттер осыны көріп, лүпілдкерді санайды. Бұл жағымды эмоциялар. Әрине, Қайрат Советаевичқа мың алғыс. Оның арқасында біздің дамуымыз  үшін осындай керемет жағдайлар жасалған. Біз оның сенімін ақтауға тырысамыз.

- Турнирдегі өзіңіздің ең қиын ойыныңызды есіңізге түсіріңізші.

 - Біздің командаға қарсы барлығы соңғы күреске шыққандай шығатын болғасын, ондай командалар бірнешеу болды.Біз әрдайым өзіміздің барымызды көрсетуге тырыстық. Ең қиын жағдайға келсек, жағдай мынадай болды: біз Павлодарға екінші турға келіп, «Каспий» клубымен ойнадық. Турнирдегі ең бірінші голды жіберіп алдық, бірақ сенімді жеңіске жеттік.  Одан кейін өткен жылдың күміс жүлдегері «Ертіске» қарсы ойнадық. Біз матчты керемет өткіздік, 9:0 есебімен жеңдік, алаңда бар күшімізді жұмсадық.  Осы кезде біз 24 сағаттан аз уағытта «Ақтөбеге» қарсы ойнайтынымызды білдік. Яғни, біз күндіз 11-де «Ертіске» қарсы ойнадық, ал келесі күні азаңғы 8:30-да футболисттері екі күн бойы демалған «Актөбеге» қарсы ойнау керек едік. Дұрыс жоспарланбаған кестенің кесірінен, матчты моральды-ерікті түрде ойнауға мәжбүр болдық.

- «Қайрат» Академиясының командалары физикалық деңгей жағынан басқалардан жоғары ма?

- Ия, бір басқа жоғары. Басқа командалар құрдымға кеткен матчтарда біз төтеп бердік. Мысалы, Шымкентте болған тур. Матчтар +42 температурада өтті. Көп командалар ойынның 20-шы минутынан кейін тоқтап қалды десек те болады. Ал біз ойынның 90 минутының барлығын бар күшімізді салып ойнадық. Өз деңгейімізді түсірмей, жылдамдықты азайтпадық. Біз төзімділікті артыруға, спринтке көп жұмыс жасаймыз. Допқа қарсы көп жұмыс жасаймыз. Физиотерапевт Филипе Мейреге, дене шынықтыру бапкерлері Анастасия Виноградоваға, Вадим Боровскийге рахмет. Олар жігіттерге мықты болуға көмектесті. Футболисттердің соқтығыс кезінде жарақат алмауына жұмыс жасады. Олардың еңбектеріне рахмет.

 - Алда Қазақстан Кубогі. Бұл турнирге қандай жоспар?

- Мақсат – Кубокті жеңу. Біз күміс және қола жүлдегерлері «Ордабасы», «Оңтүстік Академиясы» футболисттерінің көз қарасын көрдік. Олардың басшылары оларға Кубокта «Қайратты» жеңу керексіңдер деді. Әрине, біз бұған жол бермеу керекпіз. Сенімдімін, Кубок қызық болады!

- Келесі жылы АкадемияныңU-18 командасы ЖасөспірімдерЧемпиондар Лигасына қатысады. Сіздің қанша ойыншыңыз сол командада ойнайды?

-  Бізің жігіттердің үшеуі команданың негізгі құрамында ойнап, жолдамаға қол жеткізуге көмектесті. Олар  Никита Пивкин, Александр Широбоковжәне Ғалымжан Кенжебек. Олар командада. Клубты осындай беделді турнирде лайықты түрде көрсету үшін, U-18 командасын күшейтуге тағы да 4-5 адам дайын.

 

arrow-prev
arrow-next

Поделиться

Біздің серіктестер

close

Единый личный кабинет ФК «Кайрат»