«Қайрат» футбол клубы

«Қайрат» футбол клубы

The Sports Office әзірлеушілері «Қайрат» ФК-на келді
Клуб жаңалықтары

The Sports Office әзірлеушілері «Қайрат» ФК-на келді

20 января 2020
/ 12:00

The Sports Office - спорттық менеджмент саласындағы жетекші компания әзірлеушілері Стивен Янг пен Дэн Джексон «Қайрат» ФК-на келді.

Ұлыбританиялық әріптестеріміз клубта бірнеше күн өткізіп, Премьер-Лиганың, Бірінші лига мен Т.С. Сегізбаев атындағы Академияның жаттықтырушылар штабымен бірлесіп тренингтер ұйымдастырды. Сондай-ақ The Sports Office өкілдері клубтың медициналық департаментімен, талдау тобымен және скауттармен кездесулер өткізді. Бірлескен тренинг спорттық қызметпен байланысты қызметкерлердің жұмысының тиімділігін арттыру үшін өткізілді.

 The Sports Office-клубтың барлық қызметкерлерін біріктіретін заманауи спорт жүйесі. Компьютер, планшет немесе ұялы құрылғы арқылы әлемнің кез келген жерінен спорттық қызмет туралы өзекті деректерге қол жеткізуге болады.

Спорттық жүйе клубтың жұмыс істеуіне қатысты барлық мәліметтерді біріктіреді: жаттығу процесін әкімшілендіру және жоспарлау, медициналық көрсеткіштер, бейне талдау және статистика.

 

 


arrow-prev
arrow-next

Поделиться

Біздің серіктестер

close

Единый личный кабинет ФК «Кайрат»