Кейбір БАҚ-да «Қайраттың» жартылай қорғаушысы Рамазан Оразов «Даугавпилс» клубымен келісім-шарт жасасқаны туралы хабар пайда болды. Алайда «Қайрат» ФК аталған футболшымен еңбек шартын бұзбады.
«Қайрат» футбол клубы «сары-қаралар» Академиясының тәрбиеленушісі Рамазан Оразовтың маусымға негізгі команданың ойыншысы ретінде өтінімге ұсынылғанын хабарлайды. Жартылай қорғаушы мен клуб арасында ҚР заңнамасымен және де ФИФА нормаларымен қорғалған еңбек келісімі бар.
Қазіргі уақытта «Қайрат» ФК-ның Заң департаменті Рамазан Оразовтың «Даугавпилс» ФК-мен келісімшарт жасасуға қатысты ақпаратты жан-жақты тексеруде.