Ташкенттегі оқу-жаттығу жиыны аясында «Қайрат» ФК Академиясының 2002 жылғы тәрбиеленушілерден құралған командасы «Пахтакор» Академиясындағы құрдастарына қарсы алғашқы жолдастық матчын өткізді. Тартысты кездесуде командалар жеңімпазды анықтай алмады – 1:1. Матчтан кейінгі пенальти сериясында «қайраттықтар» басым болды – 3:1.
Кирилл Морунов шәкірттері ташкенттік ОЖЖ аясында жақын арада тағы екі жолдастық матч өткізеді.