1963 жылдың 31 наурызында «Қайрат» өз алаңында Ленинградтан келген «Динамо» командасын қабылдады. Жарыстың басынан бастап ленинградтықтар алаң иелеріне бастаманы беріп қойды, содан кейін мүлде қарсыластық таныта алмады. Екінші таймда «Қайраттың»шабуылшылары Квочкин мен Свешников динамолықтардың қақпасына жауапсыз екі гол соқты.
Алма-аталықтар бар ынтасын салып әрекет етті. Динамолық қорғаушылардың қарсыластығы команданың шабуылын бәсеңдете алмады. Бұл матчта қайраттықтар 21 рет бұрыштама берді. Қорытынды — 2:0 «Қайраттың»пайдасына.
#ТарихымыздыҚұрметтейміз