«Қайрат» футбол клубы

«Қайрат» футбол клубы

Тараздық «Тұлпар» Мадридке барады
Клуб жаңалықтары

Тараздық «Тұлпар» Мадридке барады

13 сентября 2019
/ 11:00

Алматыда жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар арасында өтетін жыл сайынғы дәстүрлі «Арманға апарар жол» турнирі аяқталды.

«Бауыржан» қоры ұйымдастырған турнирдің жеңімпазы болып тараздық «Тұлпар» командасы атанды, олар аты аңызға айналған «Сантьягу Бернабеу» стадионына барып, «Реал»  жұлдыздарымен кездесуге мүмкіндік алды.

Турнирді марапаттау рәсіміне «Қайрат» футбол клубы белсенді қатысты. Оған «Қайраттың» еңбек сіңірген ардагерлері Сейілда Байшақов пен Юсуп Шадиев, сондай-ақ «сары-қаралардың» жартылай қорғаушысы Еркебұлан Сейдахмет қатысты.

Турнирге Қазақстанның әр аймағынан 12 команда қатысты. Табан тірескен күрес нәтижесінде финалға «Тұлпар»  (Тараз) және «Бүркіт» (Рудный) командалары шықты. Турнирдің шешуші матчын Британдық стильдегі голдың арқасында Тараз өкілдері жеңіп алды. Үшінші орын үшін матчта «Арыстан» (Ақкөл) қарағандылық «Таңшолпан» командасын жеңді.

Турнирдің жеке марапаттары:

Үздік голкипер-Виктор Гордиенко

Үздік қорғаушы-Николай Доможиров

Үздік жартылай қорғаушы-Артур Лапатин

Үздік шабуылшы-Иван Кузнецов

Үздік бомбардир-Бауыржан Орманов

Турнирдің үздік ойыншысы-Нұрсұлтан Ақышев

FairPlay арнайы жүлдесі-Дмитрий Елисеев

 

 

 

 

arrow-prev
arrow-next

Поделиться

Біздің серіктестер

close

Единый личный кабинет ФК «Кайрат»