«Қайрат» футбол клубы

«Қайрат» футбол клубы

Т.С. Сегізбаев атындағы «Қайрат» ФК академиясында филиалдардың балалар бапкерлеріне арналған оқыту семинары өтті
Академия жаңалықтары

Т.С. Сегізбаев атындағы «Қайрат» ФК академиясында филиалдардың балалар бапкерлеріне арналған оқыту семинары өтті

31 июля 2019
/ 11:00

Бүгін Т.С. Сегізбаев атындағы «Қайрат» ФК академиясында (U8-U13) жастағы филиалдардың балалар бапкерлерімен кездесу өтті. Бапкерлердің алдында Академия директоры және де «Қайрат» ФК балалар мен жасөспірімдер бағдарламасын дамыту басшысы Вольфганг Гейгер, Бұқаралық футболды дамыту басшысы Құралбек Ордабаев, Клубтың Техникалық директоры Евгений Красиков және де Академия менеджері Константин Лежнев сөз сөйледі. 

Вольфганг Гейгер Клуб философиясы жайлы егжей-тегжейлі айтып және де 7 мен 13 жас аралығындағы балаларды дайындау жайлы сұрақтарды талқылады. 

 Жас футболисттермен жұмыс жасауда үлкен тәжірибесі бар, бас команданың қақпашылар бапкері Саша Март «воркшоптың» арнайы қонағы болды. Ол Академияның қақпашылар бапкері Анатолий Антипинмен бірге әр жастың қақпашыларына арналған дайындықтың принциптерін егжей-тегжейлі талқылады.

Клубтың барлық филиал және франшиза бапкерлері ағымдағы жылдың бірінші жарты жылдығында атқарылған жұмыстар туралы есеп дайындап, Академия басшылығын есеппен таныстырды.

Еске сала кетейік, 2018 жылдан бастап Академияда филиал мен франшизаларда бұқаралық футболды дамыту бағдарламасы әзірленді. Бүгінгі таңда Алматы мен Алматы облысында мыңнан астам жас жеткіншектер тәлім алып жатыр, ең жақсылары жыл сайын Академияға алынып, республикалық және халқаралық аренада клубтың, ҚР жасөспірімдер құрамасының абыройын қорғап жүр.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

arrow-prev
arrow-next

Поделиться

Біздің серіктестер

close

Единый личный кабинет ФК «Кайрат»