«Қайраттың» жас тәрбиеленушілері «Мейірім» оңалту орталығында болып қайтты.
3-15 жас аралығындағы церебралды паралич, яғни түйсіну қабілеті мен сезімталдығы, сондай-ақ қимылдау жүйесі бұзылған, интеллектуалды дамуында ақауы бар, Даун синдромына шалдыққан балаларды оңалтуға арналған орталықта «Қайрат» ойыншыларын тағатсыздана күтетіндер көп.
Балалар күтпеген қонақтармен жүздескендері үшін қуанышты болды, қайраттықтар оларға ерекше сыйлықпен барды. Ал орталықта, өз кезегінде, балалар мен футболшылар арасында спорттық ойындар өтті. Кездесудің басты мақсаты – балаларды спорттағы ойын-сауықтар арқылы салауатты өмір салтына шақыру.