Семинар барысында спикерлер «Қайрат» Академиясының жас футболшылары үшін тағамдық қоспалар мен витаминдерді қолдану бойынша кеңестерін ұсынды. Сонымен қатар, тамақтану пирамидасы жайлы және клубтың басты коандасының тамақтануында қандай ерекшеліктер бар екенін айтып берді.
Сондай-ақ, тренингтер мен матч алдындағы тамақтану мәселелері бойынша тәжірибемен бөлісті, матчтан кейінгі қалпына келтіру кезінде қалай ауқаттану керектігі туралы көптеген пайдалы кеңестер берілді.
Алексей Корнилов и Христос Пападопулос тыңдаушылардың сұрақтарына қуана-қуана жауап берді.