«Қайрат» футбол клубы

«Қайрат» футбол клубы

Тұрысбектің голы  «Тобылға» жеңіс сыйлады
Қайрат

Тұрысбектің голы «Тобылға» жеңіс сыйлады

05 мая 2019
/ 00:00

«Қайрат» – «Тобыл» 0:1

Гол: Бауыржан Тұрысбек (87')

«Қайрат»: Стас Покатилов (қ)  Гафуржан Суюмбаев, Раде Дугалич, Нұралы Әліп, Дино Миканович  Ян Вороговский, Исламбек Куат (к), Айбол Әбікен, Георгий Жуков  Адеринсола Эсеола, Мартон Эппель.

РезервтеВладимир Плотников (қ) – Сергей Кейлер, Александр Соколенко – Еркебқлан Тұңғышбаев, Чжон Ву Хан, Конрад Вржещиньский, Сұлтанбек Астанов  Вячеслав Швырев.

«Тобыл»: Эмиль Балаев (қ)  Никита Бочаров, Фернандер Кассай, Виктор Дмитренко, Александр Клещенко, Руслан Валиуллин  Артурас Жулпа, Ника Квеквескири, Михаил Гордейчук, Азат Нұрғалиев (к)  Максим Федин.

Резервте: Султан Бусурманов (қ), Андрей Пасеченко (в)  Александр Жуков, Данияр Семченков, Султан Абилгазы, Роман Асранкулов  Самат Жарынбетов, Артём Шерстов  Бауыржан Тұрысбек.

Турнирлік кестеде «Тобылдан» бір ұпайға ғана қалып келе жатқан «Қайраттың» бапкері Алексей Шпилевский4-4-2 тәсімімен шықты. Ойынның алғашқы минуттарынан алаңда Ян Вороговский мен Георгий Жуков қолдаған шабуылшылар  Мартон Эппель и Адеринсола Эсеола өнер көрсетті. 3-минутта «Қайрат» қорғаушысы Дино Миканович бұрыштамадан соққан добы бағанадан сәл қиыс кетті.

Кезекті қауіпті сәтті Адеринсола Эсеола ұйымдастырды.Шабуылшы Вороговскийдің соққан добын қақпаға қарай бағыттады. Алайда, қостанайлықтардың қорғаушысы Фернандер Кассай дер кезінде орнын табылды. Үзіліске дейін қайраттықтар қарсыластарынан шабуыл жағынан басып озғанымен, Эмиль Балаевтың қақпасын дәл көздей алмады.

Екінші таймда «сары-қаралардың» жетекшісі Нұралы Әліпті Вячеслав Швыревқа алмастырды. Алматылықтар шабуылды үдетсе, алаң иелері қорғанысқа көшті. 48-минутта Исламбек Қуат Эсеолаға әдемі пас шығарды. Алайда, Никита Бочаров доптың қақпаға кірмеуіне барын салып бақты. Осы арада ол сары қағаз алып үлгерді. Ойынның 67-минутында Стас Покатиловтың қақпасына «Қайраттың» бұрынғы ойыншысы  Бауыржан Тұрысбек соққысын бағыттады. Алайда, оған дәлдік жетіспеді. Араға үш минут салып, Тұрысбек рикошетпен алматылықтардың қақпасына матчтың жалғыз голын тоғытты. 

arrow-prev
arrow-next

Поделиться

Біздің серіктестер

close

Единый личный кабинет ФК «Кайрат»