«Қайрат» футбол клубы

«Қайрат» футбол клубы

Төрт қайраттық – тур құрамасында
Қайрат

Төрт қайраттық – тур құрамасында

02 октября 2018
/ 00:00

Алматылық «Қайраттың» футболшылары мен бапкері Sports.kz нұсқасы бойынша Премьер-лиганың 28-турында символикалық құрамға енді.

Орталық жартылай қорғаушылар: 

Исаэль Барбоза, («Қайрат»)

Магомед Парагульгов, («Қайрат»)

Алматылықтардың ойыншысын «Ақтөбеге» қарсы кездесудің ғана емес, турдың үздік футболшысы деп атауға болатын шығар. Исаэль бұл күні еншісіне екі гол мен екі нәтижелі пасты жазды. Сол ойында Магамед те әдемі ойын көрсетті, ол әр допқа талас жүргізіп, соңына дейін күресті – оның еншісінде бір гол мен ассист.

Шабуылшы:

Адеринсола Эсеола, («Қайрат»)

Алматылықтардың шабуылшысы бір гол мен ассистті еншісіне жазды, Адеринсола «Ақтөбе» қорғаушыларынан оңай өтіп, қарсыластың қақпасын торуылдаумен болды. Үлкен көлемде жұмыс атқарды.

Бапкер:

Карлос Алос, («Қайрат»)

Алматылықтарға қарсы матч алдында «Ақтөбе» ойыншыларына не болғанын дәл айту қиын, дегенмен, ірі есеппен жеңіске жеткен қайраттық бапкер мен ойыншылардың үлесі зор. Карлос Алос қойған стратегияға қонақтар лайықты жауап таба алмады, – бірақ бұл олардың мәселесі.

arrow-prev
arrow-next

Поделиться

Біздің серіктестер

close

Единый личный кабинет ФК «Кайрат»