«Қайраттың» баспасөз-қызметі «сары-қаралар» Анталиядағы оқу-жаттығу жиындарында кездесетін қарсыластарының тізімін ұсынады.
Алматылық клуб жалпы алғанда Түркияда 6 жолдастық кездесу өткізуді жоспарлап отыр. Түркия жағалауындағы алғашқы оқу-жаттығу жиыны 22 қаңтар мен 3 ақпан арасында өтеді. Ал екінші жиын 6 ақпанда оңтүстік астанада басталып, артынша 10 ақпанда «Қайрат» Анталияға қайта ұшып кетеді, сол жақта 23 ақпанға дейін жаттығу жұмыстарын өткізеді.
Қазіргі таңда алматылықтар Түркияда жолдастық матч өткізетін бес қарсылас белгілі болып тұр:
30 қаңтарда алғашқы қарсылас ресейдік Песчанокопское ауылының «Чайка» клубы болмақ, кейін 1 ақпанда босниялық «Вележ Мостармен» матч өтеді, 14 ақпанда «Қайрат» словениялық «Морибормен» күш сынасады, ал 16 ақпанда алматылықтар ескі қарсыласы – ресейлік «Оренбургпен» ойнайды, артынша 18 ақпанда команданы тулалық «Арсенал» күтеді. Сондай-ақ, 20 ақпанда тағы бір жолдастық матч жоспарланған, қарсылас туралы клубтың ресми сайты кешірек хабарлайды.