«Қайрат» ФК Қазақстан Республикасы Суперкубогының матчын Алматыдағы «Орталық» стадионында өткізу үшін өтінім жіберді.
Қазақстанда маусымды ресми түрде бастайтын кездесу 2019 жылдың 3 наурызында өтеді деп жоспарлануда.
Бүгін Қазақстан кәсіпқой футбол лигасының Жалпы отырысында осы ұйымның басшысы Олжас Абраев Суперкубок үшін өтетін ойынның қайда болатыны туралы нақты шешім келесі аптада қабылданатынын мәлім етті.