Қазақстан кәсіпқой футбол лигасы 2019 жылғы маусымда Қазақстан Республикасының Суперкубогы үшін өтетін матчты қабылдайтын стадионды таңдағанын хабарлады.
Қазақстанда футбол маусымын ресми ашатын матчты қабылдауға барлық қазақстандық кәсіпқой футбол клубтары қабылдай алады. Басты талап – шараны ұйымдастырудағы ережелерді қатаң сақтау.
Қазақстан кәсіпқой футбол лигасына «Қайрат» (Алматы) және «Астана» футбол клубтарынан екі ұсыныс түсті.
Қабылданған өтініштердің қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасы Кубогының иегері «Қайраттың» пайдасына шешілді.
«Қайрат» пен «Астана» сарапқа салатын ҚР Суперкубогы ойыны 2019 жылдың 3 наурыз күні Алматыдағы «Орталық» стадионда өтеді.
Қош келдіңіздер, құрметті достар!