«Қайрат» футбол клубы

«Қайрат» футбол клубы

Стойчо Младенов: «Бірінші таймда «Қайрат» бізге ойнауға мүмкіндік бермеді»
Қайрат

Стойчо Младенов: «Бірінші таймда «Қайрат» бізге ойнауға мүмкіндік бермеді»

02 мая 2019
/ 00:00

Стойчо Младенов,  «Қайсар» ФК бас бапкері:

Ойынщыларымызды құттықтағым келеді, олар жарады! Жақсы ойын көрсетті! Біз екінші таймда өзімізіді көрсете алдық. Үзіліске дейін алаң қарсыластарымыз басым болғанын ескеру керек. Екінші таймда керемет ойын өрнегін көрсеттік. Бұл –біз үшін өте маңызды жеңіс. Командамыз сенімділікке ие болды. Осындай жоғары деңгейде ойынды жалғастыра бермекпіз деген үміттемін.

- Бірқатар ойыншылар көптен бері алаңға шықпайжүр: Карлитос, Джошуа.

- Джошуа келесі аптаның соңында ойынға оралады. Ол Нидерландыда ем алды. Үзілістен кейін оны алаңда көретін боласыздар. Карлосқа келер болсақ, ол да келесі аптада дайын болады деп ойлаймын.

- «Қайсар» маусым басында гол соға алмауы ойыншыларға психологиялық тұрғыдан әсер етті ме?    

- Біз – кәсіпқой ойыншылармыз. Біз өткен ойында не болғанын ойламаймыз. Кезекті ойынға дайындалуды көздейміз. профессионалы. «Атырауға» қарсы ойында гол соғуға көптеген сәттер болған, алайда жолымыз болмады. Біздің команда да сапалы ойыншылар жеткілікті. Гол соғатындар да жеткілікті. Қорғаушылар ойыны секілді, шабуыл да бар. Бүгінгі матчта Александр мен схат көзге түсті. Тағыберген өзінің «ең күшті» ойыншы екенін тағы да дәлелдеді.

- Ойынның бірінші кезеңінде командаңыз әлсіз болды. Екінші таймда үдете түсті. Оларға үзіліс кезінде не айттыңыз?

- Бірінші таймда «Қайрат» бізге ойнауға мүмкіндік бермеді. Олар шабуыл көп жасап, өте жақсы ойын өрнегін көрсетті. Біз барлығын ескере отырып үзіліс кезінде ақылдасып, қажетті шешім қабылдадық.  Өздеріңіз көріп тұрғандай, басқаша ойын болды. Тағы қайталап өтемін, қарсыластарымыз бірінші таймда өзімізді көрсетуге мүмкіндік бермеді. 

arrow-prev
arrow-next

Поделиться

Біздің серіктестер

close

Единый личный кабинет ФК «Кайрат»