«Қайрат» қақпашысы Стас Покатилов «Жетісуге» қарсы ойынға қатысты өзінің пікірін білдірді.
«Жетісумен» өткен матч біз үшін өте ауыр болды. Қарсыластармызға қарсы ештеңе де істей алмадық десе де болады. Төрешілік туралы айтқым да келмейді. Қанша сейв жасағаным, жасалған жойқын соққыларды кері қайтарғаным маңызды емес. Командамыз жеңілді. Мұны мойындау керек. Алайда, өмір жалғасып жатыр. Қателерден сабақ алуға тырысамыз. Бапкер бұл кездесуді ұмытуға тырысып, кезекті матчқа дайындалуымыз керек екенін айтты. «Астанаға» қарсы ойынға барымызды саламыз деп ойлаймын.